Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ИСЛАМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 10.02.2021 3499 0 пікір
«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ИСЛАМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік және Ислам» республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы көне кітаптар көрмесінен басталды.  

Конференцияға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚР ҰҒА академигі Мұрат Жұрынов, Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Кикимов Ұлттық кітапхана директоры Бақытжамал Қайырбекқызы, Алматы қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов, жазушы Смағұл Елубай, тарихшы ғалым Мәмбет Қойгелдиев, ақын Құл-Керім Елемес, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров, Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры Шамшәдин Керім бастаған ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесінің мүшелері, Қазақстан дінтанушылар конгресінің төрағасы Бақытжан Сатершинов, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, елімізге танымал білікті ғалымдар, облыстардың бас имамдары мен Алматы қаласы мешіттерінің дін қызметкерлері қатысуда.

Халқымыздың өткен тарихы мен руханиятынан сыр шертетін көрмеде ХІІ, XVIII ғасырда жарық көрген Құранның көне нұсқалары, тарихи қолжазбалар, діни-тарихи еңбектер қойылды.

Еске сала кетейік, жұқпалы індеттің алдын алу және карантиндік талаптарды сақтау мақсатында конференцияға ZOOM арқылы онлайн қатысып жатыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру