Бүгін Түркістан облысына ресми сапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Арыстан баб кесенесіне зиярат етіп, әйгілі ұстаз рухына қасиетті Құран аятын бағыштап, дұға жасады.
Айта кетсек, Арыстан баб кесенесі — көне Отырар жеріндегі маңызды ескерткіштің бірі. Ол Түркістан халқының арасында Ислам дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесенеде дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара секілді жеке бөлмелер бар.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
05.02.2021
5420
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру