Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ЗЕКЕТ» ҚОРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 22.01.2021 815 0 пікір
«ЗЕКЕТ» ҚОРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін елордада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен «Зекет» қорының биылғы жылға арналған жылдық жоспары нақтыланды.

Жиынға ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, «Зекет» қорының директоры Талғат Омаров және қордың елордадағы қызметкерлері мен аймақтағы өкілдері онлайн қатысты. Басқосуда сөз алған Бас мүфти былтыр жыл бойы қайырымдылық ісінде көпке үлгі болған қор ұжымына алғыс жеткізді. 

«2021 жылы атқарылатын жұмыстар бойынша басты 7 бағытқа басымдық беріп отырмыз. Соның ішіндегі ең өзектісі – қайырымдылық жұмыстары. Бұған дейін бізде Қайырымдылық және уақып істері атты бөлім болған. Оны қысқартып, қайырымдылыққа қатысты бар жұмыстар «Зекет» қорына жүктелді. Біз зекетті жинап, оны әділ тарату барысында қайырымдылық ордасына айналуымыз керек. Мұқтаждың мұңын бөлісіп, жарлы-жақыбайға көмектесуді көбейтуіміз қажет. Әрбір жанға қуаныш сыйлай білсек, жұмысымыздың берекеті сол емес пе?» – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сонымен қатар жиында биылға жоспарланған ауқымды іс-шаралар, Қайырымды кәсіпкерлер алқасын құру, «Ел үлесі – пәтерге» жобасын насихаттап, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамту, облыс орталықтарымен телекөпір ұйымдастыру сынды бірқатар жобалар таныстырылды.

Отырыста Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы бірнеше ұсынысын ортаға тастады. Ол зекет жинау мәдениетін қалыптастыра отырып, қайырымдылық жұмыстарын елде ғана емес, шетелде білім алып жатқан қазақстандық жастарға да ұйымдастыру қажеттігіне тоқталды. Ал қор директоры Талғат Сейіткәрімұлы 2020 жылды қорытындылай келе биыл нақты әрі өте ауқымды жобалар күтіп тұрғанын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі