Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ БАЯНДАМАСЫН ЖОЛДАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 13.01.2021 1261 0 пікір
БАС МҮФТИ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ БАЯНДАМАСЫН ЖОЛДАДЫ (ФОТО)

Бүгін елордада басталған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі имам-молдаларға бағдарламалық баяндамасын жолдады.

Төралқа мәжілісінде баяндама жасаған Бас мүфти басты жеті мәселеге айрықша тоқталып, Діни басқарма жаңа 2021 жылы осы жеті бағыт бойынша атқарылатын жұмыстарға басымдық беретінін мәлімдеді.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2021 жылы ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие – Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс бойынша атқарылатын жұмыстарға басымдық беретін болады. Осы жеті бағыт бойынша жасалған жұмыстың ай сайынғы есебі тыңдалады» деп атап өтті Бас мүфти.

Айта кетсек, кеше Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен ҚМДБ-ның кезекті Аппарат жиналысында аталған жеті бағыт бойынша жаңа 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі