Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДУМАН САЙФУЛЛИН – УАҒЫЗ-НАСИХАТ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 30.12.2020 1979 0 пікір
ДУМАН САЙФУЛЛИН – УАҒЫЗ-НАСИХАТ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Сайфуллин Думан Нәдірұлы ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы қызметіне тағайындалды.

«Сайфуллин Думан Нәдірұлы Аягөз аудандық орталық мешітінің бас имамы қызметінен босатылып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасындағы Уағыз-насихат бөліміне маман болып тағайындалсын» делінген Бас мүфти бұйрығында.

Бүгін Наурызбай қажы Тағанұлы Думан Сайфуллинді ұжымға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. «Думан Нәдірұлы жазушылық қабілетімен, жан-жақты өнерімен танылып келе жатқан жас имамның бірі. Соңғы жылдары бірнеше кітап жазып, оқырмандардың ықыласына бөленіп те үлгерді. Өзіне берілген қызметтік міндеттемелерді абыроймен атқарады деген сенімдемін» деді Бас мүфти. 

Думан Нәдірұлы Сайфуллин 

1986 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында туған

Білімі:

2004-2008 жылдары «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті универсиететінде білім алды;

2008-2010 жылдары «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің магистратурасын тәмамдады;

2012 жылы Алматы қаласындағы Ислам институтында білімін жетілдірді;

2015 жылы Каир қаласында әл-Әзһар университетінің білім жетілдіру институтында ілімін шыңдады;

Жұмыс тәжірибесі:

2011-2013 жылдары Алматы қаласы Бостандық ауданы «Орбита» мешітінде азаншы қызметін атқарды;

2012-2013 жылдары Алматы қаласындағы Ислам институтында араб тілі және хадис пәнінен ұстаздық етті;

2013-2014 жылдары ШҚО Семей өңірі Аягөз қалалық мешітінде наиб имам қызметіне тағайындалды;

2014 жылдың желтоқсан айынан бастап ШҚО Семей өңірі Аягөз қалалық мешітінде бас имам болды.

2019 жылдан бері ҚМДБ жанындағы РАНТ мүшесі.

«Ислам әдептері», «Көркем мінез» кітаптарының авторы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі