Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алғашқы төрағасы Рәтбек қажы Нысанбайұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.
Діни басқарма ғимаратын аралаған алғашқы мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлы: «Қызмет бабымен әлемнің 80 елінде болдым. Алайда мұндай ғажайып ғимаратты бірінші рет көріп тұрмын. Осы ғимаратты көріп, ерекше шабыт алып, жігерленіп кеттім. Бұл – барша мұсылманның мақтанышы, дін қызметкерлерінің абыройы. Ендеше, ел игілігі үшін аянбай қызмет ете беру керек. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған барша дін қызметкерін 30 жылдық мерекемен құттықтаймын. Жаратқан Жаббар Иеміз дінімізге қуат, жұртымызға ауызбіршілік берсін!» деген лебізін жеткізді.
Наурызбай қажы Тағанұлы ардагер ұстазына құрмет көрсетіп, иығына қазақы дәстүрмен шапан жапты.
















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
25.11.2020
5849
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру