Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ СЫҒАНАҚ ҚАЛАШЫҒЫН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

«Хикмет» студиясы muftyat.kz 18.11.2020 3731 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ СЫҒАНАҚ ҚАЛАШЫҒЫН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

Қызылорда өңіріне жұмыс сапарымен келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Жаңақорған ауданы әкімі Руслан Рүстемов және Қызылорда облысы бас имам Болатбек Ұласқанұлымен бірге Сыр бойында орналасқан көне қалалардың бірі Сығанақ қалашығына арнайы барды.

2000 жылдық тарихы бар Сығанақ қаласы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында орналасқан. Сығанақ Қазақ мемлекетінің астанасы, ХV-ХVІІ ғасырлардағы ірі орталық болған.

Бас мүфти Сығанақ қалашығындағы Сунақ ата атымен белгілі Хисам ад-Дин әз-Сығанақи кесенесіне зиярат жасап, Құран бағыштады.

Бұл аймақ 2014 жылдан бері мемлекет қорғауында. Сондай-ақ Сығанақ қалашығы «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасының 100 нысаны тізіміне енген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру