Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ЖАМБЫЛҒА «ЖУСАН» ОПЕРАЦИЯСЫМЕН ЕЛГЕ ОРАЛҒАН ҚАНДАСТАРДЫҢ ҮЙІНДЕ ҚОНАҚ БОЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 06.11.2020 3464 0 пікір
БАС МҮФТИ ЖАМБЫЛҒА «ЖУСАН» ОПЕРАЦИЯСЫМЕН ЕЛГЕ ОРАЛҒАН ҚАНДАСТАРДЫҢ ҮЙІНДЕ ҚОНАҚ БОЛДЫ

Мемлекеттің қамқорлығымен жүзеге асқан «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында Қордай өңіріне 3 әйел және 6 бала жеткізілген болатын. Осы өңірге жұмыс сапарымен келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Гүлшат Ілиязова мен Ильмира Фахриеваның отбасында болды. Аталған әулеттің тұрмысымен танысып, насихатын жеткізді.

«Сіздерге жырақта оңай болмағанын білеміз. Бірақ біздің мемлекетіміз өз азаматын өзекке теппей, өзге елде жетімнің күйін кешпесін деп осында әкелді. Туған жердің қадірін, бостандықтың қадірін біле бермейміз. Бірақ бұдан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіз отанымыз бар. Дәстүрлі дініміз қайта оралды. Ендігі жерде Сіздер ана ретінде мына жүрген бүлдіршендердің ертеңін ойлауға тиіссіздер. Осы балалардың алаңсыз білім алып, елдің азаматы ретінде қалыптасуға күш жұмсаңыздар» - деді Бас мүфти.

Айта кетейік Қордай ауданына келген бұл отбасының тұрарға баспанасы болмаған. Дегенмен жергілікті имамдар мәселені тез арада шешіп, өткен Рамазан айында кәсіпкерлердің демеуімен 6 бөлмелі үйді сыйға беріпті. Діни басқарма атынан осы шаңырақ иелеріне үйге қажетті техника тарту етілді. Жусан операциясымен елге оралған қос ана өз ризашылықтарын білдіріп жатты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру