Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ЖАМБЫЛДЫҚ «ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ» МҮШЕЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 04.11.2020 2841 0 пікір
БАС МҮФТИ ЖАМБЫЛДЫҚ «ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ» МҮШЕЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Бас мүфтидің Тараз қаласындағы жұмыс сапары «Әжелер мектебінің» өкілдерімен кездесумен жалғасты. Игі шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, осы өңірдің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев және бір топ жасы үлкен қария қатысты.

«Өскелең ұрпаққа салт-дәстүрімізбен дін сабақтастығын түсіндіретін, жастар арасындағы отбасылық мәселелерде бағыт-бағдар беріп, ұлттық тәрбиемізді насихаттайтын - «әжелер мектебі». Ол қазақ дәстүрінде болған. Біздің қазақ дәстүрінде де әженің орны бөлек. Абайды тәрбиелеген Зере әжеміз. Ал Айғанымдай әженің тәрбиесін алған Шоқан қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы болды. Бұдан өзге Біржан сал, Мұхтар Әуезов сынды қазақтың біртуар азаматтары да әженің тәрбиесін көріп өсті. Осы өңірдің тумасы батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: «Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын» - деген еді. Бірақ сол бір ұмыт қалған дәстүрді қайта жаңғыртып, өшкенімізді тірілтіп жүрген Сіздерге мың алғыс»—деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жүздесуге келген ақ жаулықты әжелер бірнеше ұлттан тұрса да татулықты ту етіп, тәрбиенің қайнар көзінен жас ұрпақты сусындатып келеді.

Мешіт жанынан осындай тағылым мектебін ашқан имамдарға облыс әкімі де ризашылығын білдірді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру