Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен «Халық арна» телеарнасының ұжымын Діни басқарманың төл арнасының ашылуымен құттықтады.
«Қоғамда адамзатты ізгілік пен бірлікке бастаушы – өнегелі сөз болса, оны халық назарына жеткізуші – телеарна. Қазақстан халқын, соның ішінде өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, ізгілік пен адамгершілікке тәрбиелеуде телеарнаның маңызы өте зор деп білемін. Әсіресе жастардың бойында зайырлы мемлекеттің қағидаттарына сай келетін діни сананы қалыптастыру, сондай-ақ теріс діни ағымдардың арбауынан қорғау мақсатында телеарна қомақты үлес қосып, діни-рухани саладағы жетекші арналардың бірі болады деп сенемін.
Теларнада дәстүрлі дінмен қатар, мәдени танымдық бағыттағы көрсетілімдерге орын берілгені қалың жұртшылықты қуантады. Себебі тарихтан тәлім алған жастарымыз ата-бабалар ұстанған дінді, сан ғасырдан бері сабақтасып келе жатқан салт-дәстүрлерін ардақтап, ерекше құрметтейтін болады. Осы ретте телеарнаның ұжымына шығармашылық табыстар тілеймін. «Халық арна» жақсылықтың жаршысына айналсын!» деп жазды министр.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
04.11.2020
3612
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру