Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ӨЗБЕКСТАН МҮФТИІНЕ КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 28.09.2020 3435 0 пікір
БАС МҮФТИ ӨЗБЕКСТАН МҮФТИІНЕ КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Усмонхон хазрат Алимовке бауыры Бадриддинхон Темирханұлының қазасына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Бауырыңыз Бадриддинхон Темирханұлының қазасы туралы қаралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Өзімнің, Ғұламалар Кеңесі және Қазақстан мұсылмандары атынан Сізге, туған-туыстарыңызға қайғыларыңызға ортақтаса отырып, көңіл айтамын. Алла Тағала марқұмды Өз мейіріміне бөлеп, рақымына алғай.

Қазақ-өзбек – бағзы заманнан туыс халық. Біз бір-біріміздің қуанышымыз бен қайғымызды бөлісіп келе жатқан бауырлас елміз. Қазақстандағы мұсылман жамағаты Сіздің отбасыңыздағы қайғылы жағдайға байланысты өзінің дұға-тілектерін жеткізуде. Дін саласында қызмет етіп жатқан қазақстандық әріптес бауырларыңыз, имам-молдалар да дұға-тілекте. Жаратушы Жаббар Иеміз бұл қазаны қайырлы еткей. Сізге, ағайын-жұрт туыстарыңызға Алладан көркем сабыр тілейміз. Бауырыңыз Бадриддинхонның иманы саламат болып, жаны жәннатта болғай. Әмин» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру