Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 24.09.2020 3251 0 пікір
БАС МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған халықаралық онлайн конференцияға қатысты.

Конференция жұмысына Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Ғайнутдин, Түркия Дін істері басқармасы төрағасының орынбасары Селим Аргун, Қырғызстан мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтомушев, Тәжікстан Ислам орталығының төрағасы Саидмукаррам Абдулкодирзода, т.б. дін қайраткерлері мен ғалымдары қатысты.

«Ислам сүннетін түсіндіру мәселесінің әртүрлі жолы» деген тақырыпта өткен халықаралық конференцияда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құттықтау сөз сөйлеп: «Ислам шариғаты қасиетті Құран Кәрім мен Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистеріне негізделген. Осы екі қайнар көз Ислам дінінің негізі болып табылады. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистері белгілі бір жайтқа, мәселеге, мерзімге байланысты айтылып отырған. Бүгінгі таңдағы мұсылман қауымына бүкіл хадистерге тек амал ету ғана емес, бәлкім Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөздеріндегі терең мағынаны ұғынып, дұрыс түсіне білуіміз қажет деп ойлаймын» деп атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру