Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ МЕН ВИЦЕ-МИНИСТР РАНТ-НЫҢ АЛҚАЛЫ ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.09.2020 4826 0 пікір
БАС МҮФТИ МЕН ВИЦЕ-МИНИСТР РАНТ-НЫҢ АЛҚАЛЫ ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық ақпараттық насихат тобының арнайы алқалы жиыны өтті. Мәжіліске Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов пен РАНТ мүшелері қатысты.

Жиынды ашқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Сіздер мұсылман қауымын ізгілік пен игілікке үндеп, еліміздегі діни ағартушылық саланың алғы шебінде жүрген тұлғасыздар. Алла Тағала баршамызға халықты дінге көркем даналықпен шақыруды бұйырған. Дін насихаты ісінде әрқашан ықылас пен ыждаһаттылық танытып, деструктивті ағым өкілдеріне түсіндіру шарасын өткізіп, халықты имандылыққа ұйыта берулеріңізге тілектеспін» деп атап өтті.

Мінберде сөз алған вице-министр Марат Алмасұлы деструктивті ағым өкілдеріне түсіндіру шараларын белсенді түрде жүзеге асырып, нәтижелі жұмыс көрсеткен белгілі ғалымдар, РАНТ мүшелері – Арман Қуанышбаевқа, Еркебұлан Қарақұловқа, Мақсатбек Қайырғалиевке ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Ғалымқызының алғыс хатын табыстады. Сонымен қатар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да РАНТ жұмысына белсене араласқан ғалымдарды алғыс хатпен марапаттады.

Мәжілісті жүргізген ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров РАНТ мүшесінің тұлғалық келбеті туралы құжатын таныстырып, аталған құжаттың мәні мен маңызын түсіндіріп өтті.

Жиналыс барысында уағыз айтудың этикасы туралы баяндамалар жасалып, ақпараттық түсіндіру шараларын жетілдіру жолдары талқыланды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру