Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «КӨШПЕЛІ КЕРУЕН» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 17.09.2020 1022 0 пікір
БАС МҮФТИ «КӨШПЕЛІ КЕРУЕН» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен республиканың барлық өңірінде бір мезетте «Көшпелі керуен» қайырымдылық шарасы өтті.

«Зекет» қорының ұйымдастыруымен өткен игі шара елордада басталып, еліміздің түкпір-түкпірінде бір мезетте жалғасты.

«Көшпелі керуенді» бастап берген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы:

–Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында: «Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қолұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды» деп, қиын сәтте өзімізбен қоса өзгеге жанашырлық таныту – біздің бойымызда бабадан мирас болып келе жатқан, туа біткен қасиет екендігін, осы бірліктің арқасында аталған қиындықты көп болып еңсеріп келе жатқандығымызды айтқан болатын.

Өз кезегінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да өңірлердегі имамдарымыздың күшімен көптеген қайырымдылық шаралардың басы-қасында келеді. Ал, мына бүгінгі «Көшпелі керуен» атты қайырымдылық шарасы республика бойынша бір мезетте барлық өңірлерде 600-ден астам мұқтаж отбасыға көмек көрсетуге бағытталған, - деп айрықша атап өтті.

Бүгін азық-түлік қораптарын имамдар мен еріктілерін мұқтаж отбасылардың үйлеріне дейін жеткізіп берді. Аталған қайырлы іс Діни басқарманың «Әр аптаға бір шара» жобасына сай жыл соңына дейін жалғасады. Бүгінгі қайырымдылық шарасында дін қызметкерлері арнайы көлікпен еліміз бойынша 600-ден астам мұқтаж отбасының үйлерін аралап, олардың тұрмыс жағдайларымен танысып, азық-түлік, киім-кешек сияқты қажетті көмек түрлерін көрсетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі