Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ КІЛЕМДЕРІ АУЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 28.08.2020 5824 0 пікір
«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ КІЛЕМДЕРІ АУЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің кілемдері ауыстырылды.

Ел астанасының рухани орталығына айналған құлшылық ордасының ашылғанына биыл 8 жыл. Мешіттің жайнамаз кілемі осы уақыт аралығында қаншама мұсылманға қызмет көрсетті. Содан болар кейінгі кездері түсі өңіп, бастапқы реңін жоғалта бастады. Осыған байланысты ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен мешіттің өңін ашып, шырайын кіргізу мақсатында кілемдерін ауыстыру жайлы шешім қабылданды.

Мешіт кілемін ауыстыру жайлы бастама мешітте құлшылық жасап, рухани ілім үйренуге келетін қалың бұқараның игілігі үшін қолға алынды. Мешітті жаңа кілеммен жабдықтауға дінге жанашыр демеушілер көмек көрсетті. Жалпы көлемі 9800 шаршы метр болатын аспан түстес көк кілем мешіт қабырғасындағы ою-өрнектер түсімен де үйлесім тапты. Кілемдер Түркияның Маниса қаласында орналасқан «Исмайыл Хаскул халы» компаниясының фабрикасында 25 күн ішінде қой жүнінен тоқылды. Тапсырысты түркиялық «Құрылыс Иншаат Сембол» компаниясы орындады.

Ал «Әзірет Сұлтан» мешітінің бұрынғы кілемдері мен арнайы төсеніштері аймақтардағы 30 мешітке тәбәрік ретінде таратылды. Қазақта ел басқарған хан-сұлтандардың, сөзі салмақты абыз ақсақалдардың, ақылы кеніш абзал аналардың тұтынған бұйымдарын кейінгі ұрпаққа тәбәрік ретінде тарататын жақсы дәстүрі болды. «Әзірет Сұлтан» мешітінің бұрынғы кілемдері де осындай игі мақсатта басқа мешіттерге үлестірілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру