ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Алматы Орталық мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.
Акция аясында тұрмысы төмен 150 отбасыға әлеуметтік көмек (азық-түлік) жеткізілді. Әр отбасыға бір айға жетерлік азық-түлік салынған 2 сөмке үлестірілді.
«Алматы қаласы имамдарының ұйымдастыруымен «SENIMDI» халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен 150 отбасына азық-түлік көмегі көрсетіліп жатыр. Қайырымдылық ісін Алла қабыл етсін, сауабын өздеріне нәсіп етсін! Алла Тағала баршамызға екі дүние жақсылығын нәсіп етсін! Бұ дүние, о дүниеде дәрежелеріңіз жоғары болсын!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Пандемияға байланысты Алматы Орталық мешіті 60-қа жуық арнайы көлік дайындап, әлеуметтік көмек әрбір отбасының үйіне жеткізілді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
14.08.2020
5788
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру