ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің директоры Құлмұхаммед қажы Маханбетті қабылдады.
Кездесу барысында алдағы жаңа оқу жылында медресе-колледж шәкірттерін қашықтан (онлайн) оқыту мәселелері пысықталды. Сондай-ақ «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің ұстаздары мен шәкірттерінің жай-күйі де сөз болды.
Наурызбай қажы Тағанұлы Құлмұхаммед қажы Маханбетке медресе-колледж аумағында санитарлық талаптарды қатаң сақтауды тапсырып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
13.08.2020
5409
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру