Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ МАРАТ ТОҚАШБАЕВПЕН ЖҮЗДЕСТІ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 13.08.2020 993 0 пікір
БАС МҮФТИ МАРАТ ТОҚАШБАЕВПЕН ЖҮЗДЕСТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында белгілі қаламгер, дін жанашыры Марат Тоқашбаевпен кездесті.

Кездесуде жат ағымдардың теріс идеологиясы, еліміздегі діни ахуал жайы сөз болды.

Марат Тоқашбаев жүздесу барысында «Ислам діні, мұсылман десе, лезде шабуыл жасайтын адамдар пайда болды» дей келе, дінге топырақ шашуға дайын тұратын топтармен жұмыс істеу керектігін алға тартты.

Өз кезегінде Бас мүфти: «Сіз – қаламын серік еткен елімізге белгілі дін жанашырларының бірісіз. Сіздің елдің игілігіне бағытталған ой-пікірлеріңізді үнемі ескеріп отырамыз. Сіз айтып отырған жат ағымдар – еліміздің береке-бірлігіне, тұтастығына, азаматтардың өміріне қауіп төндірушілер. Сондықтан олармен күрес біздің – басты негізгі бағытымыздың бірі» деді.

Кездесу соңында Наурызбай қажы Тағанұлы Марат Тоқашбаевқа ұсыныс-пікірлері үшін алғыс айтып, сый-сияпат жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі