Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИГЕ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДІНИ АХУАЛДЫ БАЯНДАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 11.08.2020 3256 0 пікір
БАС МҮФТИГЕ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДІНИ АХУАЛДЫ БАЯНДАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордада Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы мен Жаңаөзен қаласының бас имамы Құрманбек Абдалиевті қабылдады.

Кездесуде бас имамдар өңірдегі діни ахуалды баяндап, оқу-ағарту, діни оңалту, жеке түсіндіру, қайырымдылық шаралар туралы Бас мүфтиге есеп берді. ҚМДБ Төрағасы жат ағымның жетегінде кеткен жастармен кешенді түрде жұмыс жүргізіп, жеке түсіндіру шараларына басымдық беруге назар аударды.

«Мешіт – тек құлшылық жасайтын орын емес. Мешіт – оқу ордасы, қайырымдылық пен ізгіліктің орталығы, жамағатты жақсылыққа үндейтін орын. Сондықтан халыққа асыл дінімізді жеткізуде, жат ағымға алданған жастарды діни оңалту ісінде имамдардың ұстаздық қабілетін дамыту қажет. Осы мәселеге баса назар аударылсын» деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу соңында Бас мүфти дін қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.    

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру