Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АСТАНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 31.07.2020 187 0 пікір
АСТАНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

Астана және Қазақстан митрополиті Александр ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады.

«Сізді және Қазақстан мұсылмандарын ислам күнтізбесіндегі негізгі мерекелердің бірі Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын.

Қазақстанның дәстүрлі діндерінің мерекесі біздің қоғамдық өмірімізге әбден сіңіп, мәдениетіміздің бір бөлшегіне айналды. Өмірімізді нұрландырып, халқымыздың тарихи негізі болып қаланды.

Біздің дінаралық ынтамақтастығымыз еліміздің бірлігі мен келісімі жолындағы ортақ мүддеге айналып, ортақ шаңырағымыз Қазақстанның дамуына оң ықпал етеді деген сенімдемін» делінген құттықтау хатта.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі