Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 31.07.2020 4002 0 пікір
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады.

«Діни басқарма тәуелсіздік тұсындағы сындарлы кезеңде халықтың көңілінен шығатын иманды істерге ұйытқы болып, қоғамда өз орнын таба білді.

Бүгінгі мешіт имамдарының халық арасындағы толассыз уағыз-насихаты, белсене араласатын қайырымдылық іс-шаралары, ағартушылық мақсаттағы ауқымды істері еліміздегі мұсылман үмбетінің рухани сұранысына қалтқысыз қызмет етудің жарқын көрінісіне айналып келеді.

Осы орайда, айтулы мерекеде шынайы ниеттеріңіз бен ізгі амалдарыңыз қабыл болсын! Сауабы мол рухани саладағы қызметіңізге жаңа жетістіктер мен толайым табыс тілеймін» делінген құттықтау хатта.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру