Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ҚҰРБАН АЙТҚА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН БАҒДАРЛАМА ҰСЫНАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 30.07.2020 4601 0 пікір
ҚМДБ ҚҰРБАН АЙТҚА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН БАҒДАРЛАМА ҰСЫНАДЫ

Ертең мұсылмандардың қасиетті мерекесі Құрбан айт басталады. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы насихаттық бағыттағы онлайн шарасын ұсынады.

«Құрбан айт – ұлық мереке» деп аталатын мерекелік бағдарлама тікелей эфирде Нұр-Сұлтан уақытымен 08:00 мен 09:00 аралығында өтеді.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы алдымен еліміздің мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтайды. Одан ары ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров қашықтан (онлайн) құрбан шалудың ерекшелігі, ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков құрбан шалудың тарихы, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов құрбан шалудың шарттарына тоқталады.

Онлайн шара барысында белгілі жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Тарази, белгілі журналист, Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп, «Егемен Қазақстан» АҚ Басқарма төрағасы, ҰҒА академигі Дархан Қыдырәлі, белгілі ғалым, ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы т.б ел ағалары мерекелік лебізін білдіреді.

Сондай-ақ шара барысында «Такбир ташриқ», «Құрбандыққа қандай мал шалынады?», «Қашықтан (онлайн) құрбан шалудың алгоритмі» т.б бейнероликтер көрсетіледі. Тікелей эфирді ҚМДБ-ның youtube және инстаграм парақшаларынан көруге болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру