Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДІНМҰХАММЕД СМАНОВ – «САРЫАҒАШ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 08.07.2020 2829 0 пікір
ДІНМҰХАММЕД СМАНОВ – «САРЫАҒАШ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен белгілі дін қызметкері, РАНТ мүшесі Сманов Дінмұхаммед Әбдіжаппарұлы «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры қызметіне тағайындалды.

Дінмұхаммед Сманов 1985 жылдың 19 қазанында Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылында дүниеге келді. 1991-2002 жылдары С.Майлықожа атындағы орта мектепте білім алды.

2003-2005 жылдары Алматыдағы Сұлтанқорған мешітінің Құран Кәрім курсын, 2007-2009 жылдары Сауд Арабиясының Араб тілі институтын, 2009-2013 жылдары Сауд Арабиясындағы «Ислам» университетінің Шариғат факультетін үздік бітірді. 2015-2017 жылдары Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің Дінтану мамандығы бойынша магистр дәрежесін қорғады.

Еңбек жолын 2015-2017 жылдары Көкшетаудағы «Науан хазірет» мешітінің наиб имамы болып бастады. 2017 жылдан елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, 2020 жылдың қаңтарынан бастап осы мешіттің наиб имамы қызметін атқарды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі