Бүгін елордада Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.
Бас мүфти сондай-ақ пандемияға байланысты ҚМДБ дін қызметкерлерінің жаназа және астарды атқару тәртібі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының COVID-19 індеті кезінде жаназа және құдайы ас өткізуге қатысты мәлімдемесі, ел Үкіметінің қаулысы қабылданғанын, елдің амандығы үшін қабылданған құжаттарға бойұсыну әрбір мұсылманнның міндеті екенін атап өтті.
«Кеше еліміздің Үкіметі қоғамдық орындарға жиналмау қажеттігі туралы арнайы қаулы қабылдады. Көпшілік нысандар қатарында құлшылық орындары да бар. Мешітте құлшылық ету – сауапты амал саналса, карантин жағдайында өзгелерге қиянат жасамай, үйде оқшауланып, ғибадат ету де – үлкен сауап.
Халқымыз осы сынақты да сабырмен еңсеріп, қалыпты өмір тіршілігінде, игі істерде басқосуды жазғай» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
03.07.2020
5989
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру