Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ: ҰЛЫ МИССИЯМЫЗҒА ҰҚЫПТЫ БОЛАЙЫҚ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 15.06.2020 1431 0 пікір
БАС МҮФТИ: ҰЛЫ МИССИЯМЫЗҒА ҰҚЫПТЫ БОЛАЙЫҚ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысында өңір имамдарымен кездесуде осылай деді.

Облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде «Білім тұрған жерде иман тұрады» тақырыбында өткен кездесуде ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы: «Қадірлі бауырларым! Алла Тағала «Әли-Имран» сүресінің 110-аятында: «Сендер елді жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю үшін шығарылған қайырлы үмбетсіңдер», – дейді. Елді жақсылыққа шақыратын бірден-бір исламдық бірлестік – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Дінге қызмет – Пайғамбар жолы. Бұл – ұлы миссия. Біз, дін қызметкерлері осы ұлы миссияны жалғастырушы тұлғалармыз. Ендігі мақсат, ұлы миссиямызға ұқыпты болып, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өсиет еткендей, осы жұмысымызды жақсы көріп, дінге, елге қызмет етуде тиянақтылық таныту. Әр ісімізді кәсіби түрде орындауға кірісейік. Ортақ мақсат ісінде жұмыла жұмыс істейік», – деп атап өтті.

Кездесу соңы сұрақ-жауапқа жалғасып, еркін сұхбатқа ұласты. Жүздесуден кейін елдің игілігі үшін дұға жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі