Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ 100 ОТБАСЫҒА СЫЙЛЫҚ ҮЛЕСТІРДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 12.06.2020 4290 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ 100 ОТБАСЫҒА СЫЙЛЫҚ ҮЛЕСТІРДІ (ФОТО)

Бүгін, қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына жасаған ресми сапары барысында 100 отбасыға арнайы сыйлық үлестірді.

ҚМДБ «Зекет» қорының «Қайырымдылық керуені» игі бастамасы аясында жүзеге асқан шарада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Дін қызметкерлері көмеккке мұқтаж отбасыларға әрқашан көңіл бөліп келеді. Өйткені біздің негізгі жұмыс бағыттарымыздың бірі – қайырымдылық. Қайырымдылық – адамдар арасында мейірімділік, бауырмалдық, жанашырлық сезімін оятатын қайырлы іс. Осы ретте біздің бастамамызға қолдау білдірген барша жомарт азаматтарға Алла разы болсын деймін», – деп атап өтті.

Айта кетсек, бүгінде ҚМДБ «Зекет» қорының «Қайырымдылық керуені» шарасы жер-жердегі мешіттерде жүзеге асуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру