Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ ҮШІН ДҰҒА ЖАСАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 31.05.2020 1199 0 пікір
БАС МҮФТИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ ҮШІН ДҰҒА ЖАСАДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол қалашығында орналасқан «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай-мемориалдық кешенінде болып, боздақтарды еске алып, дұға жасады.

Сонымен қатар Бас мүфти бұйрығымен еліміз бойынша барлық мешітте бесін намазынан кейін елдің ертеңі үшін шейіт болғандарға дұға жасалып, Құран бағышталды.

Айта кетсек, бүгін, яғни 31 мамыр - ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі