Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ КЕШІРІМДІЛІК ЖАЙЛЫ ЖҰМА НАСИХАТЫН АЙТТЫ (ВИДЕО)

«Хикмет» студиясы muftyat.kz 01.05.2020 1446 0 пікір
БАС МҮФТИ КЕШІРІМДІЛІК ЖАЙЛЫ ЖҰМА НАСИХАТЫН АЙТТЫ (ВИДЕО)

Бүгін – Рамазан айының екінші жұмасы. Қасиетті айдың қасиетті күнінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтқан Жұма насихаты кешірімді болу тақырыбына арналды.

«Хикмет» студиясының әлеуметтік желідегі эфирінде өткен уағыз барысында Бас мүфти ең алдымен кешірімді болудың мәніне кеңінен тоқталды.

«Кешірімді кісіге – Алланың үш сыйы бар. Расында да, Алла Тағаланың адам баласына берген асыл қасиеттердің бірі – кешірімділік. Өйткені кешірімді болу адамдар арасына мейірім шуағын төгеді. Мына пәни әлемнің мәнін сезіндіреді. Біз кешірім жасау арқылы бітпес даудың түйінін шешіп, ата жауды адал досқа айналдыра аламыз. Адамдарға кешіріммен қарау – Алланың мейіріміне жол ашады. Ал кешірім сұрамау мен кешірмеу – адам өмірін түпсіз тұңғиыққа тірейтін жағымсыз қасиет» деді бүгінгі Жұма насихатында.

Сондай-ақ Бас мүфти кішіпейілділік пен мейірімнің символы болған Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен мысалдар келтіріп, әрбір мұсылман баласының кешірімді болуға тырысуы керектігін жеткізді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі