Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҰЛТТЫҚ АРНАДА ҰЛЫҚ АЙДЫҢ ХИКМЕТІ ТУРАЛЫ СҰХБАТ БЕРДІ (ВИДЕО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 25.04.2020 1652 0 пікір
БАС МҮФТИ ҰЛТТЫҚ АРНАДА ҰЛЫҚ АЙДЫҢ ХИКМЕТІ ТУРАЛЫ СҰХБАТ БЕРДІ (ВИДЕО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан ұлттық арнасындағы "Ораза қабыл болсын" бағдарламасына қатысып, Рамазан айының қадірі мен қасиеті жайлы сұхбат берді.

Тікелей эфирде өткен бағдарлама барысында Бас мүфти халықтан түскен сұрақтарға да жауап берді.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы көрермендерді қасиетті айда қайырымдылық шараларға үлес қосуға үндеді. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде үйде көбірек құлшылық етуге, жұқпалы індетке қарсы дұға жасауға шақырды.

Айта кетсек, Қазақстан ұлттық арнасындағы "Ораза қабыл болсын" бағдарламасы күн сайын тікелей эфирде көрсетілмек.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі