Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ИНГУШЕТИЯ МҮФТИІНІҢ ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 13.04.2020 3932 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұқпалы індеттен қайтыс болған Ингушетия мүфтиі Абдурахман Мартазановтың туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Бұл қаза жанымызға ауыр батты. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан марқұмның туған-туыстарына көңіл айтамын. Абдурахман Мартазанов 20 жылдай республиканың шариғи үкімдерін шығару, асыл дініміздің абыройын асыру мақсатында дін исламға қызмет етті.

Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтқандай, марқұмға шейіттің сауабындай сауап жазылуын Жаратқаннан дұға етеміз. Алла Тағала мүфтиді мейіріміне бөлеп, алдынан жарылқасын. Қазаның арты қайырлы болғай! Иманы саламат болсын!» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру