Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИДІҢ ҮНДЕУІНЕ ОМБЫ МҰСЫЛМАНДАР ДІНИ БАСҚАРМАСЫ ДА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 10.04.2020 3091 0 пікір
БАС МҮФТИДІҢ ҮНДЕУІНЕ ОМБЫ МҰСЫЛМАНДАР ДІНИ БАСҚАРМАСЫ ДА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

ҚМДБ төрағасы, Наурызбай қажы Тағанұлының «Біз біргеміз, тілегіміз – ортақ» атты әлем мұсылмандарына жолдаған Үндеуіне Омбы мұсылмандар діни басқармасы да қолдау білдіретінін жеткізді.

Бұл турасында Омбы мүфтиі Бота хазірет Бакулиннің Діни басқармаға жолдаған хатында толық баяндалған.

«Төрткүл дүниеге тарап, талай адамның өмірін жалмап жатқан ауыр індетпен күресте басымызды қосып, бір Аллаға мінәжат етуге шақырған Үндеуіңізді қабыл алдық. Біз имамдар жақсылық пен жамандық та Алла тарапынан екенін білеміз. Соған сай тек дұғада боламыз. Сіздің Рамазан айының қарсаңында жолдаған Үндеуіңізге Омбыдағы барша мұсылман қолдайды деп сенемін. Біздің ендігі тілегіміз ауырып жатқандарға Алладан шипа сұрап, індеттің бетін дұғамен қайтару. Сондықтан қадірменді Наурызбай қажы қиын сәтте тізе қосып, дұға етуге шақырған ортақ тілегіміз қабыл болсын» делінген Омбыдан жеткен хатта.

Сонымен қатар Омбы мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Қазақ еліне де амандық тілеп, дұға еткенін жеткізіпті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру