Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТҮРКИЯ МҮФТИІ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҮНДЕУІН ҚОЛДАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 10.04.2020 3805 0 пікір
ТҮРКИЯ МҮФТИІ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҮНДЕУІН ҚОЛДАДЫ

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлының Ислам әлемінің ғұламаларына, дінбасыларына жолдаған үндеуін алыс-жақын шет елдердің мүфтилері қолдап жатыр.

Соның бірі Түркия Республикасы Дін істері басқармасының төрағасы Али Ербаш та үндеуді қолдайтынын жеткізіп, хат жолдады.

«Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай Тағанұлы, әуелі Ислам әлемінің діни басқарма басшыларына жолдаған, өте астарлы жолдауыңызды шынайы көңілден мақұлдаймыз. Жұма күні, Жұма уақытында дұғаға Түркия Мемлекеті және халқымен бәріміз бірлесе қол жайып, Жаратушы Алладан ең жақын мерзімде Мұхаммед үмбетін және адамзатты осы коронавирус індетінен құтқаруын тілейміз. ҚМДБ төрағасы бауырым Наурызбай Тағанұлына жалынды сәлемім мен шынайы ықыласымды жолдаймын!» - делінген аталған хатта.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру