Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ: «КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ІЗГІ ІСТЕРІМІЗДІ КӨБЕЙТЕЙІК»

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 02.04.2020 1400 0 пікір
БАС МҮФТИ: «КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ІЗГІ ІСТЕРІМІЗДІ КӨБЕЙТЕЙІК»

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы "Хабар 24" арнасындағы «Сұхбат» бағдарламасында осылай деді.

"Карантин кезінде сабыр сақтап, бұл уақытты жақсылықпен өткізуге тырысқанымыз абзал. Бұрын күйбең тірлікпен қолы тимей жүрген көптеген ата-ана қазір ұл-қыздарының қасында. Бірге құлшылық жасап жатқандар да бар. Бірге кітап оқып, уақытты тиімді пайдалануда. Ал насихат тыңдаймын деген жандар үшін де мүмкіндік мол. Біз қазір онлайн режимде уағыз айтып, тәулік бойы жұмыс істейтін call-center арқылы жамағаттың сауалына жауап берудеміз.
Ақпарат орталығының (call-center) нөмірі – 8 (7172) 33-30-30. Орталықта дін саласының білікті мамандары тәулік бойы қазақ және орыс тіліндегі сұрақтарға жауап береді. Сынақ сәтін сауапқа айналдыра білудің өзі бір ғанибет. Сындарлы сәтте ізгі істерімізді көбейтіп, сауап алуға тырысайық. Алла Тағала бұл сынақты иманымыз бен бірлігіміздің арқасында жеңіп шығуды нәсіп еткей", - деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі