Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ БАРША ДІН ҚЫЗМЕТКЕРІН ҮЗДІКСІЗ ҚҰРАН ХАТЫМ ОҚУҒА ҮНДЕДІ

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 18.03.2020 7676 0 пікір
БАС МҮФТИ БАРША ДІН ҚЫЗМЕТКЕРІН ҮЗДІКСІЗ ҚҰРАН ХАТЫМ ОҚУҒА ҮНДЕДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты имам-молдаларды үздіксіз Құран хатым оқуға үндеді.

«Біз – тарихымыздың сан қилы сындарлы сәттерінде үмітсіздікке берілмей, бір Алладан медет тілеген халықпыз. Осы ретте мұсылман қауымын еліміз бен жеріміздің, күллі адамзаттың амандығы үшін дұға жасауға, Аллаға мадақ, Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтуға шақырамын. Ал барша дін қызметкерін Құранды үздіксіз хатым етіп оқып отыруға үндеймін. Уақытша сынақты әуелі Алланың жәрдемімен, иманымыз бен бірлігіміздің арқасында жеңіп шығатынымызға көбірек үміт артайық. Алла Тағала Отанымызды, халқымызды жұқпалы індеттен аман етіп, өз панасында сақтағай» деп атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру