Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ БАС МҮФТИ НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

https://elbasy.kz/ 26.02.2020 3491 0 пікір
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ БАС МҮФТИ НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін елордада Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында дін саласының қазіргі ахуалы талқыланып, Қазақстанның тарихи және рухани байлығын сақтауға бағытталған шараларға назар аударылды.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Наурызбай қажы Тағанұлын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти болып сайлануымен құттықтады.

– Жаңа қызметіңізбен құттықтаймын. Тиісті біліміңіз бен тәжірибеңіз бар. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін, – деді Елбасы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі