Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЯГӨЗДЕН КЕЛГЕН БІР ТОП ДЕЛЕГАЦИЯМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі www.muftyat.kz 25.02.2020 3102 0 пікір
АЯГӨЗДЕН КЕЛГЕН БІР ТОП ДЕЛЕГАЦИЯМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Аягөз қаласынан келген бір топ делегацияны қабылдады.

Кездесуге Аягөз аудандық мәслихат хатшысы Сейілбек Ысқақов, аудандық мәслихат депутаты Нұрланбек Төлегенұлы, аудан имамы Думан Нәдірұлы, ҚМДБ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов, сонымен қатар өңірдегі бір топ жамағат пен дін жанашырлары қатысты.

Делегацияны бастап келген мәслихат хатшысы Сейілбек Ысқақов Бас мүфтиді жаңа қызметке сайлануымен құттықтап, аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлының игі тілегін жеткізіп, құттықтау хатын оқып берді.

«Сіз Аягөз ауданында бас имам болған жылдары бірқатар игі жобаларды жүзеге асырдыңыз. Сіздің бастамаңызбен ауданымызда бірнеше мешіт салынды. Жергілікті жұртшылық бұл ізгі ісіңізге әлі күнге дейін дән риза. Сіздің Бас мүфти болып сайлануыңыз барша Аягөз ауданының тұрғындарын шат-шадыман күйге бөледі. Алла әр ісіңізге жар болсын!» деді С.Ысқақов. Аудан басшылығы мен жұршылығының дұғай сәлемін жеткізген мәслихат хатшысы Бас мүфтиге «Аягөз мақтанышы» төсбелгісін табыстады.

Наурызбай қажы Тағанұлы жергілікті басшылық пен жамағаттың риясыз ризашылығы мен ізгі ниетіне алғысын білдіріп, ел игілігі жолында бірлесе қызмет етуге үндеді.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі