Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 20.02.2020 3748 0 пікір
БАС МҮФТИ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ (ФОТО)

Жұмыс сапарын Түркістан облысының Түлкібас ауданынан бастаған ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы әкімдіктің мәжіліс залында арнайы кездесу өткізді.

Жиынға Түлкібас ауданының аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков, жергілікті ардагерлер кеңесінің төрағалары, мәслихат депутаттары, аудан ақсақалдары мен имамдар қатысты. Нұрбол Әбдісаттарұлы Бас мүфтиді жаңа қызметімен құттықтап, табыс тіледі.

«Біз әрдайым ауданымыздың азаматтарымен мақтанамыз. Оларға қашан да тілектеспіз. Өзіңіз басқарып отырған Діни басқарма жұмысына табыс тілеймін» деп түйіндеді сөзін аудан әкімі.

Бас мүфти кездесуде өзінің балалық шағы, алғашқы еңбек жолын бастаған өлкеге ризашылығын жаудыра келе Алаштың ардақты азаматы Әлихан Бөкейханның «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады. Бостандыққа апаратын жалғыз жол ұлттық ынтымақ қана» деген ұлағатты сөзін тілге тиек етіп, бұқараны бірлікке шақырды. «Біз де дін өкілі ретінде тыныштық пен татулықты, ынтымық пен бірлікті насихаттауымыз қажет» деді Бас мүфти.

Бұдан кейін мінбеге көтерілген аудан ақсақалдары мен имамдар ұсыныстарын ортаға салып, ақжарма тілегін жеткізді. Кездесу соңында аудан әкімі жерлестері атынан Наурызбай қажы Тағанұлының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру