Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте «Мәулітнама» кітабы жарық көрді

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 19.11.2026 22 0 пікір
Шымкентте «Мәулітнама» кітабы жарық көрді

Шымкентте «Муфтият» баспасының қолдауымен дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміровтың «Мәулітнама» атты кітабы жарық көрді. 

Бұл кітап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында әзірленіп, оқырманға жол тартты.

Пайғамбардың өмір жолы көрсетілген еңбек медресе және діни сауат ашу курсының шәкірттеріне, жалпы көпшілік қауымға арналған.

Айта кетейік, кітап авторы Мұхамеджан Естеміровтің бұған дейін «Әл-Фараби өсиеттері», «Хәкім Абай һәм Ихсан ілімі», «Әжемнің насихаты», «Қожа Ахмет Ясауидің даналық сөздері», «Намаз үйренейік», «Мұхтасар», «Ясауитану әліппесі», т.б. бірнеше кітаптары мен ғылыми мақалалары жарық көрген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру