Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жастар кеңесі студенттерге арналған тұлғалық даму дәрістерін бастады. Алғашқы кездесу Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінде өтті.
ҚМДБ Жастар кеңесінің мүшесі Данияр Жігітбек пен Алматы қаласы Жастар ісі секторының жетекшісі, ұстаз Ердәулет Әбдірасилов медресе-колледж шәкірттерімен кездесіп, тиімді білім алу, өз бетінше іздену және алған білімді күнделікті өмірде қолдану жолдарын талқылады.
Дәрісте білім алуда мақсат қоя білудің, оқығанын түсініп, ой елегінен өткізудің маңызы сөз болды. Сондай-ақ сабақ барысында туындаған сұрақтарға өздігінен жауап іздеу, қосымша дереккөздермен жұмыс істеу және үйренгенін іс жүзінде қолдану секілді дағдылар үйретілді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
18.11.2026
22
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру