Шымкенте «Muftiyat» баспасынан жарық көрген кітаптарды насихаттау мақсатында «Мешітке кітап сыйла» атты рухани шара ұйымдастырылды.
Игі бастамаға қаланың Бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам Ахметжан Керімбек, «Muftiyat» баспасының қалалық өкілі Мұхамеджан Естеміров, қалалық Жастар ісі секторының қызметкерлері мен мешіт имамдары қатысты.
Шара барысында «Muftiyat» баспасынан жарық көрген «Ясауитану әліппесі», «Жұма уағызы», «Мәулітнама», «Ізгілікке бастар жол», «Пәтуалар жинағы, «Жаратылыстың жауһары» және т.б. 10 құнды кітап мешіт кітапханаларына табысталды.


















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
19.11.2026
48
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру