Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астанада «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар өтті

Астана қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі muslim.kz 18.11.2026 53 0 пікір
Астанада «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар өтті

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде қала имамдарына арналған «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар өтті. 

Жиынды қаланың Бас имамы Нұрбек Әуесханұлы ашып, семинарды ҚМДБ «Халал Даму» директоры Айбек Аташев жүргізді.

Семинарда Бас имам «Ислам және адал қоғам» жылына орай адалдық, адал табыс пен адал ниет туралы көп айтылып жатқанын еске салды.

Айбек Аташев «Халал тек тағам емес – таңдау мәдениеті» тақырыбында баяндама жасап, халал жай таңба емес, тұтынушыға берілген уәде екенін, оның шын мәнінде аманат екенін жеткізді. Сондай-ақ QMDB Halal белгісінің Қазақстаннан халықаралық кеңістікке шығу бағытын таныстырып, әлемдегі халал белгілерінің үлгілерін көрсетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру