Маңғыстау облысы Батыр ауылында кәсіпкер ішімдік сатуды толығымен тоқтатып, дүкен сөрелерінен арақ-шарап өнімдерін алып тастады.
Кәсіпкердің бұл батыл қадамға келуіне әлеуметтік желідегі оң үлгі түрткі болыпты. Нақтырақ айтқанда, Жанболат Ерғазыұлы "TikTok" желісінен өзге бір дүкен иесінің ішімдік сатудан бас тартқанын көріп, осындай маңызды шешім қабылдаған.
Бұл игі істен соң «Келімберді ахун» мешітінің имамы Амидулла Абдуллаұлы ауыл ақсақалымен бірге дүкенге арнайы келіп, кәсіпкердің бұл шешімін толық қолдайтынын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
11.11.2026
18
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру