Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордада облыстық Құран жарысы өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 05.11.2026 24 0 пікір
Қызылордада облыстық Құран жарысы өтті

Қызылордада Құран Кәрімді жатқа оқудан «Құран – жүрегімнің нұры» атты облыстық жарыс өтті. 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты қалалық «Айтбай» мешітінің ұйымдастыруымен өткен рухани сайысқа облыстың бас имамы Дастан Жанасұлы қатысып, қатысушыларға қолдау білдірді.

Жарыстың басты ерекшелігі сайысқа арнайы діни білім беру мекемелерінің шәкірттері емес, бос уақытында мешітке келіп, ұстаздардан Құран үйренген жандар қатысты. Облыстың жеті ауданы мен қаладан жиналған 43 үміткер Құран Кәрімнің отызыншы парасын жатқа оқудан бақ сынады.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Әлішер Оңғар иеленіп, басты жүлде Умраға жолдама табысталды. Ал Екінші орын иегері Жанарыс Сағындық 300 мың теңгемен марапатталса, үздік үштікті түйіндеген Ержігіт Амандықов пен Самат Мұхамеджанұлына 150 мың теңгеден қаржылай сыйлық берілді. Сонымен қатар Асылжан Снасап пен Алтынбек Сәрсенов «Көрермен көзайымы» атанды.



 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру