Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Аян Болатұлы Аққайың ауданына барды. Жұмыс сапары аясында Бас имам бірқатар діни нысандардың жұмысымен танысып, аудан тұрғындарымен және мешіт жамағатымен кездесті.
Алдымен Бас имам аудан орталығында бой көтеріп жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.
Ауданның бас имамы Ақылбек Бердібековтің айтуынша, мешіт жергілікті азаматтардың демеушілігімен салынып жатыр. Қазіргі таңда 200 адамға арналған нысанның құрылысы шамамен 70 пайызы аяқталған. Алдағы уақытта мұнда ішкі әрлеу жұмыстары басталады. Мешітпен қатар оның жанынан асхана да салынуда. Қазіргі уақытта мұнда ішкі жұмыстар атқарылып жатыр.
Бұдан бөлек, Аян Болатұлы аудан жамағатымен жүздесті. Кездесу барысында «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» тақырыбында тағылымды уағыз айтты.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
uagyz.kz
05.11.2026
46
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру