Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шығыс Қазақстан: «Халифа Алтай» мешітінде кітап оқу клубы құрылды

Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 03.11.2026 62 0 пікір
Шығыс Қазақстан: «Халифа Алтай» мешітінде кітап оқу клубы құрылды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде кітап оқу клубы өз жұмысын бастады. 

Рухани-ағартушылық бағыттағы бастама Мемлекет басшысының кітап оқитын ұлт қалыптастыру жөніндегі тапсырмалары аясында және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес қолға алынды.

Кітап оқу клубының ашылуына ШҚО Бас имамы Думан Нәдірұлы бастамашы болды.

Клуб жұмысы аясында қатысушы дін қызметкерлері апта сайын бір кітап оқып, оның мазмұнын ортаға салып, өзара пікір алмасып, талқылайтын болады.





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру