Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: «Исламдық қаржы негіздері» атты оқу семинары өтті

Маңғыстау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 03.11.2026 60 0 пікір
Маңғыстау: «Исламдық қаржы негіздері» атты оқу семинары өтті

Маңғыстау облысында ҚМДБ Діни оқу-ағарту бағытына сәйкес «Исламдық қаржы негіздері» тақырыбында өңірлік дін қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру семинары өтті. 

Шараға ҚМДБ-ның «Шариғат және пәтуа» бөліміне қарасты Исламдық қаржы секторының меңгерушісі Нұржан Жақсылықұлы қатысып, исламдық қаржының негізгі қағидаттары мен ерекшеліктері жөнінде мазмұнды дәріс оқыды.

Ал Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы діни қызметкерлердің білімін жетілдіру, діни сауаттылықты арттыру және заманауи діни-қаржылық мәселелерді жетік меңгерудің маңыздылығына тоқталды.

Жиын соңында қатысушылар тақырып аясында өзара пікір алмасып, көкейдегі сауалдарына жауап алды.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру