Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркия: ҚМДБ өкілі студенттермен кездесті

05.06.2026 192 0 пікір
Түркия: ҚМДБ өкілі студенттермен кездесті

Түркияның Конья қаласындағы әйгілі «Хасеки» Диянет академиясының жоғары діни білім беру орталығында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы өкілі Абдурашит Зиядинұлы кездесті.

Кездесу барысында студенттердің оқу үдерісімен, тұрмыс-тіршілігімен және жалпы жағдайымен танысып, оларға рухани қолдау білдірді.

Сонымен қатар 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Игі бастама аясында Түркияда отбасымен бірге білім алып жүрген және биыл сәби сүйген студенттерге ерекше қолдау көрсетілді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан Зекет және қайырымдылық қорының қолдауымен жас ата-аналардың әрқайсысына 50 000 теңге көлемінде қаржылай көмек табысталды.

Студенттер шетелде жүрсе де өздеріне тұрақты түрде қолдау көрсетіп, қуаныштарына ортақтасып келе жатқан ҚМДБ басшылығына және Түркиядағы өкілдікке ризашылықтарын білдірді.







Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру