Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордада алғаш рет халал өнімдер жәрмеңкесі өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 24.10.2026 115 0 пікір
Қызылордада алғаш рет халал өнімдер жәрмеңкесі өтті

Қызылордада Республика күніне орай алғаш рет «QMDB HALAL» халал өнімдер жәрмеңкесі өтті. Іс-шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып отыр.

Ауқымды шараға Қазақстанның сегіз өңірінен және Қытай, Өзбекстан мен Қырғызстаннан отыздан астам кәсіпорын қатысты.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты - халал индустриясын дамыту, отандық өндірушілерді қолдау, кәсіпкерлер арасындағы іскерлік байланысты нығайту және тұтынушыларға халал өнімдерді кеңінен таныстыру.

Көрмеде сүт өнімдері, қымыз, сусындар, балмұздақ, құс еті, шұжық өнімдері, жартылай дайын тағамдар, кондитерлік өнімдер және т.б. тағамдар ұсынылды.

Жәрмеңкенің салтанатты ашылу рәсіміне ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының директоры Айбек Асқарбекұлы мен облыстық дін істері басқармасының басшысы Мира Жомартқызы қатысып, пікір білдірді.









Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру