Атырауда Республика күні қарсаңында имамдар марапаттталды. Иманғали орталық мешітінде облыстық Дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұхтар Шарапиденұлы дін қызметкерлеріне алғыс хат табыстап, олардың діни саладағы еңбектеріне құрмет көрсетті.
Мәселен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ануар Нұрманұлының алғыс хатымен облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы марапатталды.
Сондай-ақ, өңірдегі өзге мешіттердің имамдары мен наиб имамдары да құр алақан қайтпай, дипломдарға ие болды.
Марапаттау рәсімі дін қызметкерлерінің қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайтуға, имандылықты насихаттауға, ел бірлігін бекемдеуге және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға қосқан үлесін бағалаудың көрінісі.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
amin.kz
23.10.2026
201
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру