Маңғыстауда кең көлемді рухани іс-шара ұйымдастырылды. Бұл жолы өңірге ҚМДБ республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Серікхан Рымханұлы сапармен барып, жамағатпен кездесіп қайтты.
Іссапар аясында РАНТ мүшесі облыстық «Бекет ата» мешітінде жұма уағызын айтып, жамағатқа «Адал еңбек – береке кілті» тақырыбында насихат жүргізді.
Сондай-ақ «Дін мен дәстүр – ұлттық тәрбиенің қос тірегі» атты семинарға қатысып, отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұлттық тәрбиені нығайту және дәстүрлі құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру мәселелері бойынша ой бөлісті.
Бұдан бөлек, Жаңаөзен қалалық мешітінде жамағатқа «Отбасы құндылықтары» тақырыбында тағылымды уағыз айтты.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
24.10.2026
201
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру